24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

«Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы қабылданды (фото)

«Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы қабылданды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы қабылданды.

Құжаттың мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

«Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру» деп атап өтті Батыржан Берденұлы.

Бөлісу: