25
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти Малайзияның премьер-министріне бас мешіт жұмысын таныстырды

Бас мүфти Малайзияның премьер-министріне бас мешіт жұмысын таныстырды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте елімізге мемлекеттік сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагиммен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды.

Бас мүфти әуежайдан тікелей рухани ордаға ат басын тіреген мәртебелі мейманға Бас мешіттің өзге құлшылық үйлерден ерекшелігі, құрылыс жобасы, сәулеті жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру, Ислам дінін заманауи тәсілмен насихаттау, жамағат арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етті.

Айта кетсек, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесіп, екі ел арасындағы байланысты арттыру мәселесін талқылайды.

Бөлісу: