27
Сенбі,
Шілде

һижри

Жас мамандарға Ұмраға жолдама берілді (фото)

Жас мамандарға Ұмраға жолдама берілді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарып жүрген жас мамандарға кіші қажылыққа жолдама берілді.

Нақтырақ айтар болсақ, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Бекқожа Бекмағанбетұлына және қалалық орталық «Нұр» мешітінің наиб имамы Өміржан Тобжановқа ұмра сертификатын салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, екеуі де жоғары діни білімді, мешіт қызметінде белсенділігімен әрі еңбекқорлығымен көзге түсіп, әріптестері мен жамағаттың құрметіне бөленіп келеді. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында берілген сыйға жергілікті кәсіпкер азамат демеушілік көрсетті.

Бөлісу: