26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алматы: «Төле би» мешітіне бас имам тағайындалды

Алматы: «Төле би» мешітіне бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде «Бала тәрбиесінің отбасындағы рөлі» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа перзент нығметі туралы насихат айтты. Қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Төле би» мешітіне жаңадан бас имам болып тағайындалған Еркінбек Керімбекұлын таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Еркінбек Шоқай жамағат алдында имамдық қызметке сенім білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына ризашылығын білдірді.

Шаһардың бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы мешіт жамағатына бала тәрбиесі – ата-ана үшін аманат екенін, осы аманатты терең сезініп, ұрпағын иманды да инабатты, саналы да салиқалы етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерін салуы қажет екенін айтты. Балалар қауіпсіздігіне баса назар аударып, үлкендердің қарауынсыз қалдырмай, әсіресе жазғы демалыс сәттерінде мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар асыл дініміз исламдағы бес парыздың бірі - қажылық маусымының басталуымен жақын күндерде отандастарымыздың алғашқы легі ұлы сапарға аттанатынын жеткізді. Осы орайда тұрғындардың қажылық визасыз, яғни заңсыз жолмен құжат рәсімдеп, қажылық сапарын ұйымдастыратын туристік фирмаларға алданып қалмауларын ескертті. 

Жамағатпен жұма намазы оқылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: