25
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Қажылық миссиясы Мәдинада 1000-нан астам қажыны күтіп алды (фото)

Қажылық миссиясы Мәдинада 1000-нан астам қажыны күтіп алды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 1000-нан астам отандасымызды күтіп алды.

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шығарып салған қажылар Мәдина қаласына аман-есен жетті. Қажылық миссиясының төрағасы Ершат Оңғар, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қажыларды қарсы алып, қажетті кеңестерімен бөлісті.

Алматы-Мәдина бағыты бойынша тікелей рейспен жеткен отандастарымыз Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Айта кетсек, кеше Мәдина қаласында өз жұмысын бастаған Қажылық миссиясы жерлестеріміздің жай-күйімен танысып, сұхбаттасты.

Бөлісу: