27
Сенбі,
Шілде

һижри

QAJY GUIDE мобильді қосымшасы іске қосылды

QAJY GUIDE мобильді қосымшасы іске қосылды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей жетекшілігімен қажылық маусымы қарсаңында QAJY GUIDE (ҚАЖЫ ГАЙД) мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымшаны қажыларға ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы таныстырды.

Оның айтуынша, Gajy Guide қосымшасы қажылық және ұмра өтеушілерге арналған тегін цифрлық көмекші құрал болады. Қосымшада виртуалды тур, қажылықты өтеу тәртібі, ұмраны өтеу тәртібі, дұғалар, кітаптар, сұрақ-жауап, діни сөздік, карта, хабарлама, туроператорлар тізімі қамтылған.

Қосымша туралы қысқаша ақпарат:

  • ⁠Виртуалды тур айдарына өту арқылы қасиетті мекендегі жол картаңызды көре аласыз;
  • Қажылықты, ұмраны өтеу тәртібі кезең-кезеңімен түсіндірілген;
  • Сапар барысында қажет болатын таңдаулы дұғаларды қазақ, араб, орыс тілінде оқуға, аудио нұсқасында да тыңдауға мүмкіндік бар;
  • ⁠Мүфтият баспасынан жарық көрген қажылыққа қатысты ресми кітаптарды да осы қосымша арқылы көруге болады;
  • Сұрақ-жауап айдарында қажылық, ұмра, ихрам, миқат, арафат сынды бағыттар бойынша өзіңізге қажетті сұраққа жауапты тез таба аласыз;
  • ⁠Сөздік айдарында құлшылық барысында кездесетін діни терминдердің анықтамасы берілген.
  • ⁠Қазақстан қажылары орналасқан қонақ үйлер карта айдарында ықшамдалып бейнеленген.

Қосымша қазақ және орыс тілінде ANDROID платформасында қолжетімді. IOS платформасында 2-3 күн аралықта шығады деп күтілуде. Қосымшаны суретте бейнеленген QR кодты сканерлеу арқылы немесе төмендегі сілтемеге өту арқылы ұялы телефондарыңызға жүктеп алуларыңызға болады.

Қосымшаны қазір жүктеп алыңыз:

ANDROID: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.qmdb.qajyguide

 

Бөлісу: