23
Сейсенбі,
Шілде

һижри

ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 51 169 отбасыға ет таратылды

ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 51 169 отбасыға ет таратылды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2024.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 17 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 13 024 мал шалынды. Тарқатып айтсақ, қой – 11 686, ешкі – 720, ірі қара – 610, түйе – 8. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 51 169 отбасыға, 139 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру жалғасуда.


Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай!

Бөлісу: