Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада республикалық Бас мешітте Құрбан айтқа орай өткен мерекелік іс-шараға қатысты.
Мешіт ауласында жамағат арасында ұлттық ойындардан, атап айтқанда қол күрес, асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Игі іс-шарада Бас мүфти: «Сіздерді мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін» деді.