21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Нұр-Мүбәрак университеті жұмысын жетілдіру жөнінде жиын өтті

Нұр-Мүбәрак университеті жұмысын жетілдіру жөнінде жиын өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобының жиыны өтті.

Жиналысқа МАР Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһари, әл-Азһар өкілі Мұхаммед Абдурахман Дуайни, Мысыр мүфтиі Назир Аяд, сондай-ақ Қазақстанның осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф пен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Басқосуда Нұр-Мүбарак университеті Қамқоршылар кеңесінің кезекті тоғызыншы жиынын 2024 жылы қыркүйек айында өткізу талқыланды. Кеңес күн тәртібіне шығарылатын мәселер екіжақты ұсыныстар негізінде анықталды. Сондай-ақ тараптар білім ордасының жұмысын жетілдіру мен дамыту бойынша арнайы комиссия құру жөнінде уағдаласты.

Бөлісу: