22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Бас мүфти Каирде халықаралық конференцияға қатысты (фото)

Бас мүфти Каирде халықаралық конференцияға қатысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каир қаласында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисидің қамқорлығымен және Уақыптар министрлігінің ұйымдастыруымен  өткен «Сауаттылықты арттырудағы әйелдердің рөлі» халықаралық конференциясына қатысты.

Әлемнің 60 елінен делегаттар, мүфтилер мен дін ғалымдары қатысқан конференцияда қазіргі таңда ағартушылық саласындағы әйел адамдардың рөлі талқыланды. Конференцияны Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһари ашып, қатысушы делегаттарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері және уағыз-насихат министрі Әбдел Латиф бен Әбдел Азиз Әл аш-Шейх, әл-Азһар шейхының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Дуайни, Аға ғалымдар комитетінің мүшесі Али Жұма, Пәкістан Ислам Республикасынің Дін істері министрі Шудри Салик Хусейн және басқа да дін ғалымдары баяндама жасады.

Бөлісу: