22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Алматыда «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды

Алматыда «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласындағы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің жанынан әйел-қыздарға арналған «Дін мен дәстүр» орталығы ашылды.

Ашылу салтанатына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қатысып, сөз сөйледі. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, әйел жамағатын орталықтың ашылуымен құттықтады. Одан өзге қала мешіттерінің әйел ұстаздары мен апалар қонақ болып, орталықтың қызметіне сәттілік тіледі. «Дін мен дәстүр» орталығының негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, имани тәрбие көздерін дамытуға атсалысып, жандандыру», - деп атап өтті ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы. 

Айта кетсек, алдағы уақытта орталықта білікті ұстаздар мен мамандардың жетекшілігімен әжелер мектебі, отбасы институты жұмыс жасап, ұлттық болмысымызды жаңғырту қолға алынбақ. 

Сонымен қатар ене мен келін қарым-қатынасы, келін болуға әзірлік, табақ тарту, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, ақ некені сақтау т.б. отбасылық тақырыптарда түрлі тәрбие сағаттары, дәрістер және мастер кластар өткізілмек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: