22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Бөлім меңгерушісі – Қарағанды қаласында

Бөлім меңгерушісі – Қарағанды қаласында

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров РАНТ жұмысы бойынша Қарағанды қаласына арнайы іссапармен барды.

РАНТ мүшесі ең әуелі жергілікті имамдарға «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өткізді. Қала және аудан имамдары түгел қатысқан басқосуда Батыржан Берденұлы имамдарға үгіт-насихат жасаудың тиісті әдептері мен нормаларын және тәртібін түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Қарағанды жамағатымен жүздескен РАНТ мүшесі бейсенбілік уағыз кешіне қатысып, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында уағыз-насихат жасады.

Нәтижелі сапар Қарағанды қаласындағы №36352 әскери бөлімінде жалғасты. Батыржан Берденұлы отан алдындағы борышын өтеп жатқан 150 жас сарбазбен кездесу өткізді. Ер азаматтарға туған жер, отан түсінігі туралы кеңінен баяндап, ел қорғаудың және оның тыныштығын күзетудің жауапкершілігі мен сауабы жайында айтып өтті.

Ал, қасиетті жұма күні Батыржан Мансұров арқа жұртына жұма уағызын айтып, «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында үгіт-насихат жасады. Жұртшылықты соқыр сенімнің жетегінен кетіп қалмауға шақырып, дәстүрлі ата дініміздің құндылықтарын мансұқтаушы жат пиғылды ағымдардың әрекетінен сақ болуға шақырды.

Бөлісу: