16
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Алатау қаласына бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласына бас имам тағайындалды. 

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Алатау қаласына жұмыс сапары аясында мешіт имамдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол Бас мүфти бұйрығымен Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің бас имамы болып тағайындалған Жұмахан Қуанышты таныстырды. Жұмахан Қуаныш – бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданы «Имам Мұхаммед» мешітінде имамдық қызметті абыроймен атқарып келген білікті маман.

Сонымен қатар облыс бас имамы жұмыс сапары аясында Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлымен кездесіп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Кездесу барысында жаңадан тағайындалған қала имамын таныстырды. «Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Осы орайда қаланың рухани дамуына мешіттер мен дін қызметкерлері қомақты үлес қосып, ат салысады деген сенімдеміз», – деп атап өтті бас имам Мадияр Тағайбайұлы.

Дін қызметіндегі имамдарға асыл дініміз исламға қалтқысыз қызмет етулеріне сәттілік тілейміз.

Бөлісу: