16
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Көкшетауда көпбалалы анаға пәтер берілді

Көкшетауда көпбалалы анаға пәтер берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 777-баспана Көкшетау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Махида Хасанхановаға табыс етілді.

Жаңадан бой түзеген көп қабатты үйден берілген екі бөлмелі пәтер осы заманғы құрылыс өнерімен жөнделген. Баспана кілтін «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы табыстап, қуаныш иелерін қоныстоймен құттықтады. Салтанатты жиында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит шариғатымыздағы ізгілік амалдар жайлы айта келіп, көпбалалы анаға қуаныш сыйлау аса ыждахатты іс екенін атап өтті.

Айта кетейік, Махида Хасанханованың жеті баласы және он шақты немересі бар. Осы қайырымдылық іске мұрындық болған барша жаны ізгі жандарға тек жақсылық тілейміз.

Бөлісу: