10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

«Әл-Фараби»: Бас мүфти жұма намазына қатысып, уағыз айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти жұма намазына қатысып, уағыз айтты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма намазына қатысты.

Жиылған жамағатқа «Ислам және отбасы» тақырыбында көркем насихат айтқан бас мүфти:

«Исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілген. Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері бекітілген. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», - деп айтқан.

Дінімізде ерлі-зайыпты адамдардың атқаруы қажет болған міндеттері мен әдептері көп. Солардың ішінде шаңырақтың шаттыққа, отбасының бақытқа бөленуіне себепші болатын мынадай бес құндылыққа мән бергеніміз жөн: өзара жақсы мәміледе болу, өзара кешірімді болу, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау, бір-біріне сыйлық беріп тұру және ізгі ұрпақ тәрбиелеу.

Әр отбасында береке мен бірлік орын алуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы ақыларды орындау дінімізде ер мен әйелден бірдей талап етіледі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 228-аятында: «Ерлердің әйелдердегі ақылары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі ақылары бар», – деп айтқан. Ендеше, әрқайсымыз отбасымызды аманат деп біліп, оның сүйіспеншілік пен берекеде болуы үшін өзімізге жүктелген міндеттерімізді аса жауапкершілікпен орындауымыз қажет», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін бас мүфти ел амандығы мен игілігі үшін дұға жасады.

56ee246e 7947 4d5a bc65 d97967aaca82

6b46a3e3 8d53 40a9 816b a0c869ead2f7

7766b57d 69b6 4c53 9291 52819e6aca64

c8a2762d bb21 4dea 9185 14a54699f72f

bc20b2d1 7fdd 4562 8196 864e6a328a7f

1523787f 8612 4cf7 9df0 7b5bd2900818

ummet.kz

Бөлісу: