19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

«MUFTIYAT» баспасынан жаңа кітап жарық көрді (фото)

«MUFTIYAT» баспасынан жаңа кітап жарық көрді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Жастар кеңесінің ІІ мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген жаңа кітап таныстырылды.

«Құрметті жастар! Бүгінгі басқосуымызда жаңа бір кітаптың жарық көруіне куә болмақпыз. Кітап «ФИҚҺ ӘЛ-МУАМАЛАТ», яғни, «Исламдағы сауда-саттық» деп аталады. Бұл кітап «сауда-саттық», «жалға беру», «кепілдік», «серіктестік», «мудараба» т.с.с. Ислам дініндегі мал-дүниеге қатысты үкімдерді және қаржылық процестерді қамтиды. Кітапта муамалат бабына қатысты үкімдер дәлелдермен жан-жақты қамтылған.

Еңбекте ханафи мәзһабының көзқарастары кеңірек беріліп, әр мәселеге Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен дәлелдер келтірілген. Кітап исі мұсылманның игі істеріне көмекші құрал, әр қазақтың пайдасына жарайтын еңбек болғай, әмин!» деді ҚМДБ Төрағасы. 

Кітап еліміздегі ислами оқу орындарына, медресе шәкірттеріне, дін мамандарына, дінтанушыларға арналған. Ислам ғалымы Мұхаммад Мәжид әл-Итр еңбегін аударған – Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрмашұлы мен Елбек Тасболатұлы. Айта кетейік, Елбек Тасболат – осы Жастар кеңесінің мүшесі, пәтуа маманы. 

Бөлісу: