19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бас мүфти Жастар кеңесінің ІІ мәжілісіне қатысты (фото)

Бас мүфти Жастар кеңесінің ІІ мәжілісіне қатысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият жанынан құрылған Жастар кеңесінің ІІ мәжілісіне қатысты.

Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. Қазіргі қазақ қоғамының әртүрлі саладағы белсенді жастарынан құралған кеңес жұмысына сәттілік тіледі.

«Біздің Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» деген еді. Демек, ел ертеңі – жастардың қолында десек, жастарымыз жаман әдеттен аулақ болып, жақсылыққа жаршы болып жүруі тиіс» деді ҚМДБ Төрағасы.

Бұдан кейін Бас мүфти күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, жастар арасындағы ажырасуды азайту жолдары, Жаһандану заманында жат діни ағымдардың шабуылдарынан асыл дініміз – дәстүрлі исламның мәртебесін қорғау және жастарды еңбекқорлыққа баулу, сауаттылықты насихаттау жөнінде қатысушылардың пікірін тыңдады. Сондай-ақ кеңес мүшелері аталған қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешу жолдарын талқылап, өз салалары бойынша қандай жұмыс атқаруға болатынына назар аударды.

Бөлісу: