19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

РАНТ мүшесі – Қызылорда өңірінде

РАНТ мүшесі – Қызылорда өңірінде

Жаңалықтар
Жарнама

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Бауыржан Әбдуәлінің қатысуымен «Цифрлық заманда пәтуа берудің жауапкершілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

РАНТ мүшесі қызылордалық дін қызметкерлеріне пәтуа беруде мән берілетін басты мәселелерге тоқталып, қоғам алдындағы жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіндірді.

Сапар барысында Бауыржан Әбдуәлі жергілікті жамағатпен кездесті. Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде өткен жүздесуде РАНТ мүшесі «Иманды сақтау жолдары» тақырыбында насихат айтты. Одан бөлек білімсіздікке бой алдырудан сақтану, лудомания, жат ағымның алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бұдан кейін РАНТ мүшесі Сыр жастарымен кездесті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен кездесуге «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбы арқау болды. Шарада ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтың маңыздылығы, құмар ойындарға тәуелділік, электрондық темекінің зияны және уақытты дұрыс пайдалану, діни ағымдардан сақтану мәселесі жайлы сөз қозғалды.

Ал сапар қорытындысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Ол орталық мешітке жиылған жамағатқа «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке тұлғасы» тақырыбында жұма насихатын айтып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.

Бөлісу: