19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бас мүфти Жастар форумында баяндама жасады (фото)

Бас мүфти Жастар форумында баяндама жасады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған «Жастар – руханият шамшырағы» ІІ республикалық Жастар форумында баяндама жасады.

Алдымен форум Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Бұдан кейін ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет құран аяттарын оқып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. Сонымен бірге ҚМДБ Төрағасы алғысөз сөйлеп:

«Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем. Ендеше, осы бір өмірлік кезеңді қоғамға пайдалы істермен өткізуге тырысу қажет. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында да жас сахабалар өте көп болды. «Жастардың ең абзалы үлкендерге ұқсағандары, сондай-ақ үлкендердің ең жаманы (ғапылдыққа салынып) жастарға ұқсағандары», – деген хадис баршамыға ғибрат болуы керек.Діни басқармаға қарасты Жастар ісі секторы жыл басынан бері жастарды қазіргі қоғамның дерті болған зиянды әрекеттерден, атап айтқанда құмар ойындар, лудомания, нашақорлық, алаяқтық сынды жат әдеттерден сақтандыру бойынша 100 шара өткізді. Оған 8450 жас буын өкілдері қатысты. DinTellect интеллектуалды білім сайыстарын өткізді. Баршаңызды игі істерге үлес қосуға шақырамын» деді.

Сондай-ақ форумда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төраға орынбасары  Біржан Әлімжанов сөз сөйлеп, қазіргі қазақ қоғамындағы жастардың рөліне тоқталды. 

Бөлісу: