19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Жастар форумында сала мамандары тәжірибелерімен бөлісті

Жастар форумында сала мамандары тәжірибелерімен бөлісті

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар – руханият шамшырағы» ІІ республикалық Жастар форумының екінші бөлімінде сала мамандары тәжірибелерін бөлісті.

Атап айтқанда, спикерлер – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РhD доктор Батыржан Мансұров «Әкенің перзент алдындағы міндет», педагог-тренер, адами капиталды дамыту менеджменті бойынша жетекші маман Ескендір Бестай «Мотивация: Марапатпен жазалау салдары», заңгер, «Қарапайым құқық» кітабының авторы, «Алаяқ.нет» жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбек «Цифрлық сауаттылық және жауапкершілік», нетворкер, «Altyn kopir», «100 Leader» жобаларының негізін қалаушы Алмас Қылыш «Нетворкинг. Мүмкіндіктер адамдар арқылы келеді» тақырыптарында баяндама жасап, жастарға ақыл-кеңестерін жеткізді. 

Өз кезегінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар спикерлерге сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. 

Бөлісу: