19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ Төрағасы белсенді жастарды марапаттады (фото)

ҚМДБ Төрағасы белсенді жастарды марапаттады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар – руханият шамшырағы» ІІ республикалық Жастар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су тасқыны кезінде ел тұрғындарына көмек беріп, белсенді жұмыс атқарған азаматтарға алғыс хат табыстады.

«Сізге Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау білдіріп, ел басына күн туған қиын сәтте көмекке мұқтаж жандарға демеу болғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. 2024 жылдың көктемі еліміздің Қостанай, Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары, өзге өңірлер үшін де оңай болмады. Су тасқыны қоңыр тіршілік кешіп отырған қарапайым тұрғындарды әбігерге салып, қиындық келтірді. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен еріктілердің қатарында сіз де болдыңыз. Өскен жерін, өмір сүріп отырған баспанасын су басқан талай отбасыға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастары, еріктілері қатарында болып, жанашырлықпен жәрдем жасадыңыз. Алла Тағала жұдырықтай жүрегіңіздегі таудай ниетіңізге разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға береке тілеймін» делінген алғыс хатта. 

Бөлісу: