28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ Төрағасы парадзюдошы Ерғали Шәмеймен кездесті

ҚМДБ Төрағасы парадзюдошы Ерғали Шәмеймен кездесті

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда Парижде өткен Паралимпиадада ел намысын қорғап, парадзюдодан күміс жүлде иеленген спортшымыз Ерғали Шәмеймен және оның жеке бапкері Дәурен Оразұлымен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы тағдырына жазылған сынаққа сабыр етіп, ешқашан мойымай алға ұмтылған, спортпен айналысып, ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрген Ерғалиға және оның бапкеріне ерекше алғысын білдірді.

«Ерғалидың жеңісі – сіздердің ғана емес, бәріміздің, тұтас еліміздің жеңісі. Алтынға бергісіз күміс иеленіп, ел мерейін асқақтаттыңыз. Құрметті Дәурен Оразұлы, сіз көп жылдан бері зағип және көру қабілеті төмен жандарды спортқа шыңдап, қолдап келесіз. Оларға шынайы жанашыр болып, қамқорлық таныттыңыз. Осы орайда өзіңізге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан алғыс айтамын. Ерғалидың ерлігі жас өрендерге айрықша үлгі болары сөзсіз. Жаратқан жар болсын» деді Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы Дәурен Оразұлы мен Ерғали Шәмейге алғыс хат табыстап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Дәурен Оразұлына ұмра қажылығына жолдама табыс еткен болатын.

Бөлісу: