28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

«Бөлім сағаты»: «Уақып» қорының жұмыс есебі тыңдалды (фото)

«Бөлім сағаты»: «Уақып» қорының жұмыс есебі тыңдалды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысын өткізді.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Уақып» қорының директоры Ардақ Оразбаев атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайлы баяндады.

Жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Уақып» халқымызға, қоғамымызға қызмет ету жолындағы маңызды бағыттың бірі екенін тағы да еске саламын. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты орындау қажет. Исламның да, қазақ халқының да өткен тарихына үңілсеңіз уақып ұғымының қаншалықты маңызды болғанына көз жеткіземіз. Бұл уақып ұғымының өміршеңдігін көрсетеді» деді.

Сондай-ақ ҚМДБ меңгерушілері «Уақып» қоры жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу: