05
Сенбі,
Қазан

һижри

Бауырлас елдер мүфтилері жұма намазына қатысты (фото)

Бауырлас елдер мүфтилері жұма намазына қатысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бауырлас елдердің мүфтилері ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте жұма намазына қатысты.

Намаздан бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров және Кавказ мұсылмандары басқармасының Қазиы, Баку қалалық «Жұма» мешітінің бас имамы Жейхун Рустамов жиналған жамағатқа насихат айтты. Қасиетті Мәуліт айының құрметіне ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдады.

Жұма намазынан соң мүфтилер кезек-кезегімен дұға жасап, Алла Тағаладан ел мен жердің, адамзат пен әлемнің тыныштығын тіледі.

 

Бөлісу: