21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Халықаралық конференцияның үндеуі қабылданды

Халықаралық конференцияның үндеуі қабылданды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының Үндеуі қабылданды. Үндеу мәтінін Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының Қазақстан тарапынан хатшысы Батыржан Мансұров оқып берді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымы мүфтилер алқасының мүшелері – Бас мүфтилер, дін қайраткерлері, ғалымдар және «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Ислам дінінің Ұлы дала төрінде тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің кемеңгер пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеу бағытындағы бастамаларын қолдаймыз.

Сонымен қатар түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» әзірлеуді, келешекте соның негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының «Цифрлық кітапханасын» құру туралы ұсынысы бүгінгі ұрпақ үшін қажет қадам деп санаймыз.

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық мектебінің көрнекті өкілі, ғұлама, әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің түркі жұртының рухани тарихында айрықша орны бар екенін ескере келе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ихсан ілімін насихаттау бағытындағы бастамаларын қолдай отырып, барша дін қызметкерлерін ихсан ілімін ұстану бағытында белсенді болуға шақырамыз» делінген Үндеу мәтінінде.

Айта кетейік, халықаралық конференцияға қатысқан Түркі мемлекеттерінің мүфтилері, дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы жайлы пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын бөлісті.

Бөлісу: