29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти көпбалалы отбасыға үйдің кілтін табыстады (ФОТО+ВИДЕО)

4 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Көктемнің алғашқы жұмасында баспана кілтін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты жиында Бас мүфти «Зекет» қорының қайырымдылық бағытындағы нәтижелі жұмыстарына тоқтала келе, осындай игі істің басы-қасында болып,  атсалысқан азаматтарға, үлес қосқан барша жұртшылыққа үлкен алғысын білдірді, деп хабарлайды Талдықорған өкілдігнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Талдықорған төрінде

4 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Көктемнің алғашқы әрі алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген Қасиетті жұма күні, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет Талдықорған  өңіріне табан тіреп, Жетісу жамағатымен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Астанадағы «Ақмешітке» жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

4 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Жақында ғана Елорда жамағатына есігін айқара ашқан «Ақмешіт» мешітінің қызметкерлер құрамы күн санап білікті мамандармен толығу үстінде. Астана қаласындағы оныншы құлшылық ордасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен жаңа наиб имам тағайындалды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти «JAKIM» ұйымының сертификатын табыстады (ФОТО)

1 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Халал өнімін стандарттау және сертификаттау бөлімінің облыстық өкілдеріне арналған оқу-семинарының ашылу салтанатында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Малайзиялық «JAKIM» ұйымының мойындау жөніндегі сертификатын бөлім басшысы Б.Мырзагелдиевке салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

1 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді

Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Бас мүфти Сауд Арабия корольдігі елшісімен кездесті (ФОТО)

28 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Сауд Арабия Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Захер Бен Мутиш Әл-Әнесимен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Салауатты жамағат» атты VI қалалық спорттық ойындар сайысы өтті

27 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы «Салауатты жамағат» атты дәстүрлі қалалық спорттық ойындар өткізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

27 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти: Телефонға телмірген балаға көмектесуіміз керек (ФОТО)

27 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездескен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз балалар арасындағы әлімжеттік, телефонға «тәуелділік», т.б. ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер жайлы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

БАӘ-ге Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды

26 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – ҚР Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне төтенше және өкілетті елші тағайындады, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.