26
Жұма,
Сәуір

һижри

Үстіміздегі жылдың 17-19 мамыр аралығында Түркияның Сапанжа елді мекенінде Түркия елінің Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни еңбектерді өзге тілге аудару мәселесі бойынша халықаралық деңгейде конференция өтті. Онда жалпы Түркия діни басқармасының бүгінгі күнге дейінгі шығарған еңбектерін басқа тілге аудару  мәселесі талқыланды.

Көктемгі су тасқыны кезінде Махамбет ауданындағы үйі қирап қалған тағы бір отбасы баспаналы болды. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы кеше Сағыныш Тобажановаға "Нұр Ақтөбе" ауданынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бестамақ округіндегі «Ақтөбе» медресе-колледжінде болды.

Бүгін «SCAT» әуекомпаниясы Сауд Арабиясына тұрақты әуе рейстерін орындауға рұқсат алды. Бұл туралы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

2016 жыл қазан айының 11-14-жұлдыздарында Стамбул қаласында өткен 9-Еуразия Ислам Кеңесінде, осы кеңеске мүше болып табылатын елдерден келген өкілдердің бір ауыздан мақұлдауымен аталмыш кеңестің комиссиялары жанынан пәтуә комиссиясы құрылған болатын. Себебі, соңғы жылдарда Ислам әлемінде болып жатқан өзгерістер, Ислам Кеңесіне мүше болып табылатын мекемелермен бірлесе отырып осы кеңестің қызметін арттыра түсуге мәжбүр екендігін айқындай түсті.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – жаңа оқу жылына грант және ақылы бөлімдерге талапкерлерді шақырады.

Бакалавриат деңгейі бойынша исламтану, дінтану және шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде білім береді.

Бүгін Астана қаласының рухани көшбасшыларының қатысуымен Тұңғыш президент саябағында  «Астана – ең таза қала» акциясы аясында «Конфессияаралық келісім аллеясы» атты ағаш отырғызу  іс-шарасы өтті.

Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Бүгін Өскемен қаласында қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында белгілі дін қайраткері Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференция өтті.