25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун мазарынан 19-ғасырдағы көне Құран табылды. Болжам бойынша, аласапыран заманда құнды кітаптарды осы жерге Мырзабай ахунның өзі көмген-ді. Жел мен жаңбыр, күннің көзі тисе де рухани мұралар жақсы сақталған. Мұқабалары шіріп, парақтары жыртылған. Алайда, бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де жазулары ап-анық көрініп тұр.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылуы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы және «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.

Діни басқарма өкілдері «Тауаф» қажылық компаниясының пайда табуды көздемейтінін айтып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан биыл «Тауаф»қажылық компаниясы ашылып отыр. Туристік фирма биылғы жылы 300 адамды қажылыққа апармақ. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни салада басымдық беретін бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Діни басқарманың жанынан құрылған «Зекет қоры» республика бойынша ірі көлемде әртүрлі бағытта қайырымдылық шараларын өткізіп келеді.

Халал өнімді өндіру қоғамдағы ең өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы, рухани болмысы күнделікті тұтынып жүрген тағамға тікелей байланысты. Осы орайда ай қорытындысы бойынша қатарымызға бірнеше кәсіпорындар қосылып, «Халал» сертификаттаудан өтті.

Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде «Қум сахаба» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және ел ағалары мен жергілікті жамағат қатысты.

Шымкент қаласында өткен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабында көрсетілген шариғат және пәтуа мәселелерін негізге ала отырып Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне байланысты құдай астың ортақ мәзірі бекітілді.

ҚР Парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне олардың Конституция нормаларына сәйкес келуін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған Сенат түзетулеріне келісетіндіктерін мәлімдеді.

Бүгін Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді.

Ислам – бейбітшілік пен рақымшылық діні. «Өзіңе қалағанды өзгеге де тіле» қағидасына берік мұсылман үмбеті пайғамбар өсиетін қай заманда да жадында ұстайды. Осыған орай рамазан айында мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауға шақырған бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы үндеуіне елорда мешіттері де мүмкіндігінше үн қосуда. Бұл ретте Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінде Рамазан айы ішінде екі рет ұйымдастырылған шарада алғашқысында  10, кейінгісінде 15 мүмкіндігі шектеулі балаларға ауызашар беріліп, азық-түлік таратылды.

 

IMG 6781

IMG 7218

IMG 7269

IMG 7277

IMG 7255

IMG 7277

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі