18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қазақстан дүниенің түкпір-түкпіріндегі түйткіл мен шиеленістерді шешуге белсене қатысуда. Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazIslam.kz хабарлады.

Мына төмендегі түсірілген әуесқой видеода металлургтардың ораза ұстап жүргендігі айтылады. Металлургия цехтарында өте ыстық температураның болатындығын барлығы біледі. Ал, енді осындай қиыншылыққа қарамастан ораза ұстап, мол сауаптан үміт күткен мына азаматтар көпке үлгі бола білді. Бұған дейін құрылыста жүріп ораза ұстайтындарға таң қалушы едік. Мына көріністен кейін дені сау адамға ораза ұстамау үшін ешбір сылтау айтудың қажеті жоқтығын аңғардық. Бір жағынан ораза қай саланың жұмысына да кедергі келтірмейтіндігін дәлелдеп бергендей. 

 

«Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» (Тирмизи).

MasterCard қолдауымен CrescentRating компаниясының жыл сайын өткізетін халал туризмді дамыту бойынша Global Muslim Travel Index рейтингісінде Қазақстан 17-орынға ие болды. Бұл туралы Kazislam.kz хабарлады.

«iMuslimAstana» - бұл қала аумағындағы мешіттердің, жұмыс жасайтын намазханалардың, тегін ауызашар жасаудың орналасқан жерлерін және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін, елорда мұсылмандары үшін ыңғайлы мобильді қосымша. Сондай-ақ, қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары орналастырылған. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады. Бүгінгі күннен бастап «iMuslimAstana» жобасын Андроид бағдарламасында жұмыс жасайтын смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар. Бір аптадан кейін бұл қосымша iOS бағдарламасында жұмыс жасайтын нұсқасы AppStore-да пайда болады. Қосымшаға сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.imuslim

IMG 20170526 WA0071

IMG 20170526 WA0077

"Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті." (Құран Кәрім, Исра сүресі, 23- аят)Жетімі мен жесірін қараусыз қалдырмаған текті елдің ұрпағымыз ғой.Бабаларымыздың аманат еткен дәстүрі мен өмірлік ұстанымдары қазіргі таңда жалғасын табуда.

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақстандағы жерлеу рәсімдері мен құдайы ас беру тәртібі нақтыланды. Діни басқарма даярлаған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында Ғұламалар кеңесі бекіткен пәтуалар жинақталған.

Алматыда «Халық арена» спорт кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Астана EXPO 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында  Қазақ күресінен IV республикалық чемпионат қорытындыланды.