25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы МалғажыұлыТүркиядан келген дін қызметкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан ұлттық арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтағы өкілдері жергілікті әкімдік басшылығымен бірлесе еліміз бойынша Құрбан айт күндері мал соятын арнайы орындарды белгіледі.

Астана қаласында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін құрбандыққа шалынатын малды соятын арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаровпен кездесіп, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айтты.

Қажылыққа аттанған журналистер қасиетті Мекке қаласына табан тіреді. ҚМДБ қажылық миссиясының құрамында «31» арнасының тілшісі Жарас Ниязбек, «КТК» телеарнасының тілшісі Диас Нұрақын, «Асыл арна» телеарнасы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Нұрболат Қуанышбекұлы, «zakon.kz» порталының арнаулы редакторы Торғын Нұрсейтова бар.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 12-сі күні басталатынын хабарлайды.

Бүгін Нұр-Мүбарак университеті жанынан экстремизмнің алдын алу мақсатында дін мамандарын қайта даярлау институты ашылды.  Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстан қажылары Мәдинадан Мекке қаласына келіп, кіші қажылығын орындауда. Мекке мен Мәдинаның қасиетті орындарына мінәжат етуге әлемнің түкпір-түкпірінен 2 млн.нан астам мұсылман жиналады деп күтілуде. Қазақстаннан да биыл бес парыздың бірі – қажылықты өтеуге 3 мың адам аттанды.