20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін Қазақстан Қажылық миссиясының Мәдина қаласындағы жауапты өкілі қажылық компанияларының қызметімен, қонақүйлердегі қажылардың ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Тексеру жұмыстары «Қызмет саяхат», «Хикмет тревел», «Яссауи», «Атлас» қажылық компанияларынан басталды.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы елордада «Астана» медресесінің шәкірттеріне дәстүрлі дәрісін өтті.

Бүгін жаңа өркениеттің белгілерімен әшекейленген, Исламның бастапқы кезеңінде орын алған тарихи оқиғалардың куәсі болған, Исламның бірінші астанасы – Мәдинада Қазақстан Қажылық миссиясының мүшелері тарихи орындар мен пайғамбарымыз Мұхаммедттің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзі салған мешіттерімен танысты.

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Тікелей рейспен Астана халықаралық әуежайынан аттанған қажылар Мәдина қаласына 5 сағат 30 минутта жетті. Мәдина қаласына табан тіреген 336 қажы 14 қонақ үйге орналасып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде алғашқы таң намазын оқыды. 

Татарстан республикасының Чистопол қаласында қол күресінен «Анас» мешітінің жүлдесіне арналған бүкілресейлік турнир өтіп, аламан жарыста Қазақстан спортшылары жеңімпаз атанды. Бұл туралы Dodasport.kz сайты хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі қыркүйек айының 12-сі күні басталатынын хабарлайды.

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының өнімдері халал талаптары бойынша тексерістен өтті. «Terra Nova» кәсіпорны нарықта танымал «Sinalco» атауымен шығатын сусындарды өндіруші зауыт болып табылады.