24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Елордада қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті

Елордада қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтті

Ел іші
Жарнама

6 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында Бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алқалы жиынға ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС директоры Әнуар Ізімбайұлы, Нұр-Сұлтан әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Әділет Төлеутайұлы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Әшім Әбілқадырұлы сынды жауапты мамандар шақырылып, семинарға қатысушы 30-дан астам қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп,  айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген. Бұған қоса, бұл жерлерде діни рәсімдер атқаруға Елордамыздағы 30-дан астам діни қызметкер бекітілген.

7e49c440bde1aa3a05791eba94879006

5be045f62f508ff29019742a8252d7dc

d7e615eba153c03245ce517e836b1fd2

df4f85d87374c44bcf33855f369c48a5

06f34eaea868783883a41d09dbfc4580

beb1d9a1fbaabc4c862815213b06826b

Бөлісу: