16
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти облыс әкімімен кездесіп, діни ахуалмен танысты (ФОТО)

Бас мүфти облыс әкімімен кездесіп, діни ахуалмен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

6 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында жұмыс бабындағы сапармен болып, жергілікті діни жағдаймен жан-жақты танысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесуде дін қызметкерлерін қолдау және дәстүрлі дінімізге алшақ жат ағымдармен күрес шараларының жайын тілге тиек етті. Бұл ретте жұртшылық арасында имани сананы қалыптастыру мәселесі көкейтесті екені де сөз болды. Бас мүфти мен әкім осы өміршең мәселелерді өзара әңгіме өзегіне айналдырып, оны шешудің жолдарын қарастыратындықтарын атап көрсетті.

Бас мүфти Көкшетау қаласындағы бір ғасырлық тарихы бар ескі мешіт жанынан салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен де танысты. Одан әрі бұрнағы жылы ашылған қарилар орталығында болып, жас шәкірттермен кездесті.

Бас мүфтидің Көкшетау қаласындағы сапары кезінде облыс имамы Қуаныш Сәбит басшылықтан берілген тапсырмалар жауапкершілікпен атқарылып жатқанын айтып, өкілдіктің жұмысы жайлы шағын хабарлама жасады. 

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.09

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.08

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.07

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.09 1

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.10

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.04

WhatsApp Image 2019 08 06 at 14.19.05

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру