19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ: Тағы бір бөлімге жаңа басшы келді (ФОТО)

ҚМДБ: Тағы бір бөлімге жаңа басшы келді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

2 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Сейітбеков Смайыл Сүйерқұлұлы Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Сейітбеков Смайыл Сүйерқұлұлы Маңғыстау облысының бас имамы, Ақтау қайырымдылық жеке мекемесінің директоры қызметтерінен босатылып, ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөліміне меңгеруші болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Елордада өткен ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті хаттамалық жиналысында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы С.Сейітбековты ұжымға таныстырып, оның діни саладағы өтілі мен мол тәжірибесін айрықша атап өтті. Бұл тағайындау мүфтият жұмысын ілгерілетуге оң серпін беретінін тілге тиек етті. Өз кезегінде Смайыл Сүйерқұлұлы бөлім жұмысын жандандыру үшін бар күш-жігерін сарп ететінін жеткізді.

Аппарат жиналысына бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты.

Сейітбеков Смайыл Сүйерқұлұлы

1976 жылы тамыз айының 24 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданыда дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1992 жылы мектеп бітірген соң Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт негізінде Түркияға жоғары білім алу үшін барған.

1992-1993 жылы Бурса қаласындағы түрік тілін үйрету орталығында тіл үйренген.

1993 жылы Бурса қаласындағы Улудаг университетіннің Илаһият (теология) факультетіне түсіп, 1998 жылы «Теолог» мамандығы бойынша бітірген.

1998-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінде оқытушы болып қызмет атқарған. Университет қабырғасында қызмет етіп жүріп «Ислам тарихы (әмәуилер мен аббасидтер кезеңі)» 2002, «Ислам әдебі» 2003, атты кітап жазған.

2003-2005 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын қызыл дипломмен бітірген.

2005-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тамамдаған.

2010 жылдың 30 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Исламдағы сунна ілімінің мәдени, тарихи орны» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Еңбек жолы:

2004-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Тастақ мешітінде найб имам болып қызмет еткен.

2005-2011 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамдық қызметін атқарған.

2008-2011 жылдар аралығында «Орал медресесінің» директоры қызметін қоса атқарған.

2011-2013 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2013-2019 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық орталық мешіттің бас имамы болып қызмет етті.

2019 жылдың 18 қазанынан бастап ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.

Отбасылы, 5 ұлдың әкесі.

0x0 25

 48A5289 1

0x0 26

Бөлісу: