19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтіп жатыр

Ел іші
Жарнама

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шара өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің «Әжелер» хор ансамблі, «Малиновка» іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары), «АЛЖИР» мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады.

Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша қазақ, орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.

Бөлісу: