29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ауыл мұғалімі өз қолымен 7 трактор құрастырды (ФОТО)

Ауыл мұғалімі өз қолымен 7 трактор құрастырды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Павлодар облысының шалғай ауылдарының бірінде тұратын ауыл мұғалімі қолдан 7 трактор құрастырып, шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жанысов Берік Павлодар облысының ең шалғай ауылдарының бірінде тұрады. Май ауданының Қаратерек ауылы облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан. Ауылда 1998 жылдан бері мұғалім болып жұмыс жасайтын Берік бұл жұмысын ең бірінші қажеттіліктен туындағанын сосын өзінің хоббиіне айналғанын айтады.

«Көлік құрастыруды 1998 жылдан бастадым. Басында қажеттіліктен туды, өзіңіз білесіз ауылда қораны тазалау, шөп жинау деген сияқты жұмыстар өте көп уақытты алады. Сосын бір күні неге осындай жұмыстарды жеңілдететін құрал жасамасқа деген ой келді. Бәрі осыдан басталды, уақыт өте келе ол менің хоббиіме айналды. Жұмыстан кейін осы іспен тыңғылықты айналысамын», - дейді ол.

1911021551466612f

7 мини-трактор. Олардың айырмашылықтары қандай?

Өнертапқыш мұғалім бұған дейін 6 трактор құрастырған.

«Осы уақытқа дейін алты мини-трактор жинадым ол көліктер әр түрлі. Олардың қызметтік функцияларын үнемі өзгертіп, жетілдіруге тырысамын. Көп мүмкіншіліктер құрал-саймандардың табылуына байланысты болып жатады. Мәселен, мен өзім құрастырған техникаларға ЗИД, Москвичтің двигательдерін қолданамын. Әр құрастырған сайын трактордың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіре түсемін», - деп атап өтті мұғалім.

Осы көрсетіліп отырған 7 техниканың басқа құрастырылған көліктерге қарағанда артықшылығы көп.

«Соңғы құрастырған көліктің басты ерекшелігі жылдамдығы және әмбебаптылығында жатыр. Оны құм тиеуге, шөп шабуға әрі жинауға, ауыр заттарды көтеруге пайдалануға болады. Шағын трактордың шөп шабатын да құралы бар, оны жасап жатырмын. Болашақта техникалық тетіктерін жетілдіріп, кабинка жасап салсам ба деп ойластырудамын», - деді өнертапқыш.

Жалпы қолдан трактор құрастыруға 3-6 ай уақыт жұмсалады екен.

«Менікі сияқты шағын көлікті (мини-тракторды) жинау үшін шамамен 3-6 ай кетеді. Мәселен соңғы осы көрсетіп жатқан мини-жүк тиеуіш тракторды жинауға 3 ай уақыт жұмсадым. Алайда көпшілік жағдай құрал-жабдықтардың табылуына байланысты болады», - дейді Берік Төкенұлы.

Шағын трактордың бағасы қанша тұрады?

«Көлікті жинауға әр түрлі көлемде қаражат керек болады. Кейбір бөлшектерді адамдардың өздері беріп, солай жасап берші деп ұсыныс айтады. Ал кейбіреуін сатып алам. Өзімнің көліктерімде швеллер, профиль, угольниктерді қолданамын. Бірақ ауылда бұрынғы материалдар жоқтың қасы. Оларды іздеп табу керек. Жалпы құрастырылған көлік шығыны әртүрлі. Тракторды құрал-саймандар мен еңбегімді қоса есептегенде 800 мың мен 1 млн теңге арасында бағалаймын», - деп қосты ол.

1911021551466614f

Өнертапқыштың қолынан шыққан шағын тракторлар бау-бақшаның шөбін жинауға, шөп шабуға, қорадағы қоқыстарды шығаруға, жиналған шөпті көтеруге таптырмас құрал. Оның үстіне ол техникалық бөлшектерді шебер әрі ыңғайлы етіп құрастырған. Ауылдасының ғажайып, әрі қолжетімді тракторларын көргендер арнайы келіп тапсырыс береді. Және олардың саны артуда.

«Иә адамдардан осындай көліктерге тапсырыстар өте көп түседі. Мысалы, шөп шабатын тракторды 2009 жылы құрастырдым. Оны 2014 жылға дейін өзім ауылда пайдаландым. Сосын бір кәсіпкер келіп сатшы деп қолқа салып болмаған соң, бір құлынды биеге бере салдым. Көліктің бағасы құрал- саймандардың бағасына тікелей байланысты болатындығын жоғарыда айттым. Алайда менде қатып қалған баға жоқ, бастысы істеген ісімнің адамдарға пайдасы тигені маңызды», - дейді шебер.

1911021551466615f

Берік мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Алайда ол робототехника саласы бойынша балаларды баулуға көп көңіл бөледі.

«Алмас Мұқатайов деген шәкіртім бар. Ол балада қолдан неше түрлі көліктер жинайды, мысалы квадроцикл жинап шығарды», - дейді қосты өнертапқыш.

1911021551466611f

1911021551466610f

 

Бөлісу: