19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Дихан Қамзабек: Бұл ҚМДБ-ның жаңа деңгейін көрсетеді (ВИДЕО)

Дихан Қамзабек: Бұл ҚМДБ-ның жаңа деңгейін көрсетеді (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

14 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форумына қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Дихан Қамзабек жақында ғана қабылданған ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Үшінші форумда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамалық, бағдарламалық дүниелерді қоғамның талқылауына шығарып, бекітілуі бұл муфтияттың жаңа кезеңін көрсетеді. Өйткені, әр кезеңде уақыт, заман бір сын-қаперлерді ұсынып отырады. Орыс тілінде «вызовы» дейді. Соған қалай жауап береді, соны шешудің қандай мүмкіндіктері бар, алдын алудың, сауықтырудың деген секілді. Осы мәселеде «Жеті рухани қазық» жалпы Қазақстан мұсылмандарын, 73 % пайыздан асқан Ислам дініндегі азаматтардың басын біріктіріп, жаңа бір идеяға, жаңа мұраттарға жетелейді деп есептеймін», - деді Дихан Қамзабекұлы.

Толығырақ төмендегі бейнематериалда!

Бөлісу: