18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы – Ақтөбеде (ФОТО)

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы – Ақтөбеде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

19 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ақтөбедегі ІІІ аймақтық имамдар форумына Елордадан ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы келіп қатысты, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Осы сапарында Наурызбай қажы Тағанұлы Темір ауданына арнайы сапар шекті. Облыс орталығынан шалғай орналасқан өңірге наиб мүфтимен бірге Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев те барды.

Наиб мүфтиді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов бастаған азаматтар құрметпен күтіп алды. Наурызбай қажы Тағанұлы Шұбарқұдық елдімекеніне жақын жердегі қасиетті ата-баба қорымына барып, Қоңыр Қашақ баласы Досжан Хазреттің басында Құран оқыды.

Бұдан кейін наиб мүфти Ақтөбе медресе-колледжінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш оқу орнының директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Наурызбай қажы Тағанұлын жаңадан салынып жатқан оқу корпусымен және спорт кешенімен таныстырды. Колледж шәкірттерімен кездескен наиб мүфти болашақ дін саласының өкілдеріне кемел келешек тілеп, батасын берді.

Бөлісу: