13
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Шымкентте аймақтық имамдар форумына қатысты (ФОТО)

Бас мүфти Шымкентте аймақтық имамдар форумына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

19 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкентте аймақтық имамдар форумына қатысты. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 800 имамының басын қосқан форум жұмысына қала әкімі Ерлан Айтаханов, мемлекет және қоғам қайраткерлері - Шалатай Мырзахметов, Сайлаукүл Барақова, белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай, т.б. зиялы қауым өкілдері, медресе-колледж шәкірттері қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Форумды ашқан Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Өздеріңізге белгілі, 23 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арқа төсінде, Елорда төрінде ІІІ республикалық имамдар форумын өткізді. Форумға арқау болған тақырып – «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі». Дін қызметкерлерінің дәстүрлі басқосауына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің игі тілегі мен құттықтауын жолдады.

Шарада сөз алған Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым өкілдері мемлекеттің мерейін үстем ететін рухани құндылықтардың мәні мен маңызын айрықша атап өтті. Сайып келгенде, лауазымды тұлғалардың мазмұнды баяндамалары мен жүрекжарды жолдаулары форумның мәртебесін асқақтатып, мәнін арттыра түсті.

Осынау ізгі-шарада «Рухани жеті қазық» Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы тәлімдік құжаты қабылданды. Имандылық, отаншылдық, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршілік, білімділік, әділеттілік сынды жеті ұстынды арқау еткен құжатты жамағатқа насихаттау үшін аймақтық имамдар форумын ұйымдастыру туралы бастама көтердім.

Арқа төсінен арнайы келіп, алдарыңызда сөз бастауым – игі бастаманың сәтті сабақтастығы", - деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған қала әкімі Ерлан Қуанышұлы: "Дін - адам тарихының үлкен тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымызда, мемлекетіміздің өсіп өркендеуінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін адамгершілік, әділдік, төзімділік кепілі. Діні, тілі, ділі жоқ халықтың болашағы жоқ. Дін арқылы елді біріктіруге болады", - деді.

Форумда баяндама жасаған ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қоғамда рухани құндылықтарды қалыптастырудың тетіктерін сөз етті.

Форум соңында Үндеу қабылданды.

e7626a9d 207c 4a01 a688 f9d49800886d

4209a919 26e7 47f7 83c3 3fdd5f8297bf

90288e75 085e 4bb1 aa06 35345700be47

64e3ec5c 1752 42ce 8707 ace20b92675f

306e2049 bbcb 49e7 892d c9d1c5182d29

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру