12
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Халықаралық конференция өтеді

Халықаралық конференция өтеді

Ел іші
Жарнама

27 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Тұңғыш Президент күніне орай Халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды kazislam.kz порталына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Достық үйінде» Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты Халықаралық конференция өтеді.

Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың өркениеттер, діндер мен мәдениеттердің диалогы, сонымен қатар, қоғамдағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен тұрақтылық саласындағы рөлі мен қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсету көзделген дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері, әр түрлі конфессиялар мен халықаралық діни ұйымдардың өкілдері, Исламабад Халықаралық ислам университеті (Пәкістан), Орыс Православ Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты (Ресей Федерациясы), сонымен қатар, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Халықаралық конференцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» ұйымдастырып отыр.

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру