12
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елорда мешіттеріне садақа терминалдары орнатылды (ФОТО)

Елорда мешіттеріне садақа терминалдары орнатылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

27 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде елордадағы құлшылық ордаларына садақа терминалдарын орнату салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Айтулы оқиғаға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастаған министрлік өкілдері, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы және елордалық имамдар мен мешіт жамағаты қатысты.

Іс-шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти елордадағы барлық 12 мешітке 32 электронды терминал орнатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, терминалдарды орнату жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Дәурен Абаев заманауи тәсілді қолданысқа енгізу халық алдында Діни басқарманың есеп айырысу шотына азаматтардан қолма-қол ақшасыз қайырымдылықтың түсуі ҚМДБ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен жариялылығына оң септігін тигізетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, министр мен Бас мүфти «Әлжан ана» мешітінде елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне қатысты мәселелерді талқылады.

884a881ccba284074f5480c06800a2d1

1b112ef641afe76185ae694ef5a9bbe5

98130c9e206f35b00c4c0c11c3b50ff8

843cb6a6a4f0bb3cccb40c37fdef4f5b

6f331d00bf5131143dc1e65797567894

 

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру