19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мемлекет басшысы: Ең бастысы туған еліңді шексіз қадірлеу, оған адал қызмет ету

Мемлекет басшысы: Ең бастысы туған еліңді шексіз қадірлеу, оған адал қызмет ету

Ел іші
Жарнама

15 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Президенттік кадр резервіне кіргендер еліміздің жастарына ұлтжандылықтың, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетулері керек. Бұл туралы Ақордада Президенттік кадр резервіне кірген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Біздің мақсатымыз сіздерді лауазымды қызметке тағайындау деп ойламаңыздар. Бұл елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет - талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы туған еліңді шексіз қадірлеу, оған адал қызмет ету. Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек. Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесуге қатысушылар арқылы елімізде патриоттардың жаңа буыны қалыптасады деп сенетіндігін баса айтты.

«Сіздер егемен еліміздің жастарына ұлтжандылықтың, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Кезінде Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден« деп айтқан. Бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, уақыт өткен сайын мән-маңызы арта түсетін қанатты сөз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу: