29
Жұма,
Наурыз

һижри

Студент қыздар сертификат алды

Студент қыздар сертификат алды

Ел іші
Жарнама

16 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университетінің 28 студент қызы (оның 4-і онлайн қатысты) қысқы демалыс маусымында кәсіби бейімділікті арттыру курсына қатысып, араб тілі граматикасы бойынша білімін арттырды. Демалыс күндеріне жоспарланған мұндай қосымша курстың ерекшелігі – мұнда араб тілі дәрістері кеңінен оқытылады, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Араб тілі – Ислам әлемінің, Құран ілімінің басты кілті. Сондықтан, араб тілін жетік меңгеру студенттердің дамуына жол ашпақ. Осы мақсатта ашылған курсқа университеттің тәрбиеші-ұстаздары Гүлвира Заурбекова мен Айгерім Калкаева жетекшілік етті.

Арнайы жиында Нұр-Мүбарак университетінің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев пен Тәрбие және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Байзақ Мақсат курс түлектеріне арнайы сертификат тапсырды.

– Қыз баланың білімді болуы – ертеңгі саналы ұрпақ кепілі. Елімізге  әйел жамағатымен жұмыс істейтін білімді ұстаздар ауадай қажет. Алайда  отбасылық жағдайларға байланысты қыз балалар оқуын толық аяқтауға мүмкіндігі болмай, не болмаса диплом алғанымен жұмыс істеуге жолы түспей жатады. Сондықтан демалыс мерзімін пайдаланып, қосымша дәріс алып, білімі мен білігін арттырушы студенттерге алғыс білдіреміз, – деді Жалғас Сандыбаев.

Жиын соңында Мысырдағы әл-Азһар университетінің түлегі, исламтанушы, магистрант Асқарбек Сарипбеков студенттерге білім алудың құндылығы мен сауабы жайлы насихат айтып, дұға-тілек арнады.

nmu1

nmu1

nmu1

nmu1

nmu1

Бөлісу: