23
Сенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти бауырмалдық жөнінде жұма насихатын айтты (ВИДЕО)

Бас мүфти бауырмалдық жөнінде жұма насихатын айтты (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

22 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, биылғы Рамазан айының соңғы жұмасында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті жұма насихатын айтты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти бауырмалдық жөнінде айта келе, шариғатта бауырдың екі түрлі болатынын тілге тиек етті.

– Ислам дінінде бауыр ұғымы тек туысқандықпен шектелмейді. Адамдарға мейіріммен қарап, бауырым деп өзіне тартуы – бауырмалдық, яғни, адам бойындағы құнды қасиет. Ал туысқанмен тату болу, жақсы қарым-қатынаста болу – Жаратушымыздың бұйрығы. Қасиетті Құранның «Рағыд» сүресінің 21-аятында Алла Тағаланың «жалғастырыңдар» деген әмірін орындап, туысқандық қатынасты үзбейтіндер – Раббыларынан шынайы түрде қорқушылар деп дәріптелсе, «Нахл» сүресінің 90-аятында ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады.

Осындай аяттарға назар салған халқымыз «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Туысы – бірдің, қонысы – бір», «Туысы – бірдің, уысы – бір» деп ұл-қыздарына ақыл-кеңестерін беріп, туған-туыстың, бауырдың қадірі жайында өсиет етіп отырған, - деді Бас мүфти жұма насихатында.

Бөлісу: