20
Сенбі,
Сәуір

һижри

IX республикалық Құран жарысы кейінге шегерілді

IX республикалық Құран жарысы кейінге шегерілді

Ел іші
Жарнама

24 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан IX республикалық Құран байқауы» кейінге шегерілді, деп хабарлайды Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Құрметті мұсылман бауырлар! Құрансүйер қауым!

Өздеріңізге мәлім, биыл халқымыздың ұлы тұлғасы, ойшылы А.Құнанбайұлының 175 жылдығына және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай бекітілген шаралар қатарында «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан IX республикалық Құран байқау» өткізу жоспарланған болатын. Яғни, аталмыш жарыс 27-28 шілде күндері Алматы қаласында өткізілетіні жайында хабарланған-ды. Алайда елдегі төтенше жағдай мен пандемияның басылмауына байланысты Құран жарысының мерзімі тағы да кейінге шегеріліп отыр.

 Кейінге шегерілген Құран жарысының мерзімі алдағы уақытта ҚМДБ-ның ресми сайттарында хабарланатын болады.  

Бөлісу: