15
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Мешіт жамағаты ауыл көшесіне 55 шам орнатып берді

Мешіт жамағаты ауыл көшесіне 55 шам орнатып берді

Ел іші
Жарнама

25 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркістан облысына қарасты мешіті жамағаты ауыл көшелеріне күн көзінен қуат алатын шам орнатты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бәйдібек ауданы таулы әрі жазықты жер. Жел соқпаған күндері самал есіп тұрады. Ауа-райы баламалы энергия көзін алуға қолайлы.

Кеңестөбе ауылдық «Ақмешіт ата» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат ерекше іс атқарды. Ауылдағы төрт ірі көшеге күн көзінен қуат алатын 55 шам орнатып берді.

Ең бастысы, жамағаттың өздері таң мен құптан намаздарына жарық көшемен келетіндеріне қуанды.

Бөлісу: