09
Жексенбі,
Тамыз

һижри

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: 450 оттегі концентраторы ауруханаларға жөнелтілді (ФОТО)

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: 450 оттегі концентраторы ауруханаларға жөнелтілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Осыдан екі апта бұрын ҚМДБ «Зекет» қоры елімізде тынысы тарылып, дем жетпей жатқан науқастарды қолдау мақсатымен «Өмірге үміт сыйла!» акциясын жариялаған болатын, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның және «Зекет» қорының республиканың түкпір-түкпіріндегі өкілдіктері акцияға бірауыздан үн қосып, облыстардағы бас имамдардың насихаты нәтижесінде қысқа уақытта ауыз толтырып айтарлықтай іс тындырды. Өңірлердегі жанашыр азаматтар мен жамағаттың бірлігінің арқасында ауруханаларға 450 оттегі концентраторы мен 3 ИВЛ аппараты жеткізілді.

– Қазіргі жағдай кім-кімге де болмасын оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ соған қарамастан сын сәтінде сынып кетпей, бауырына қорған, жақынына жанашыр болған ел азаматтарына алғысымыз шексіз. Бұл акция әлі де жалғасады. Жиналған қаражаттарға оттегі концентраторларынан бөлек, қажетті медициналық құрал-жабдықтар, бетперде, антисептик, қолғап, т.с.с. заттар алынып жатқанын еске саламыз. Ең бастысы, бір адамның болса да өмірін құтқарып қалам деген ниетімізді Алла қабыл етіп, сырқаттардың тезірек сауығып кетуін және осы індеттен тезірек құтылуымызды тілейміз, - дейді «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.  

Тарқатып айтар болсақ, 3 ИВЛ аппараты Атырау облысының аудандарына жеткізілсе, оттегі концентраторлары республиканың өзге өңірлеріндегі емдеу мекемелеріне табысталды. Олардың жалпы саны төмендегідей:

Түркістан облысы – 78

Өскемен аймағы – 62

Солтүстік Қазақстан облысы – 61

Семей аймағы – 57

Жамбыл облысы – 51

Ақмола облысы – 43

Павлодар облысы – 30

Қостанай облысы – 34

Қызылорда облысы – 7

Батыс Қазақстан облысы – 3

Талдықорған өңірі – 22

Алматы қаласы – 2

qory1

qory2

qory2

qory2

qory2

qory2

qory2

qory2

qory2

qory10

qory11

qory12

qory14

qory15

qory16

qory17

qory18

qory19

qory20

 

Бөлісу: