22
Жұма,
Қараша

һижри

ХАЛАЛ ДАМУ: Құрбан айт қарсаңында онлайн-семинар өтті (ФОТО)

ХАЛАЛ ДАМУ: Құрбан айт қарсаңында онлайн-семинар өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті Құрбан айт мейрамына орай «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандарының және жергілікті инспекциялық бақылаушылардың қатысуымен «Қасапшылық – сауапты,  hәм жауапты іс» тақырыбында онлайн-семинар өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Республика бойынша «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болған 39 қасапхана мен 389 қасапшы қызмет атқарады.⠀

«Халал Даму» директоры Айбек Аташевтің жетекшілігімен «Zoom» платформасында өткен семинарға 19 өңірлік жауапты өкілдер мен қасапшылар қатысты.⠀

Семинарда Құрбан айт мезгілінде құрбан шалу рәсімінің шариғат әдептеріне сай орындалудың маңыздылығы мен талаптары, басты қағидалары мен ережелері түсіндірілді.⠀

Мал союда сақталуы тиіс негізгі талаптар:

Пышақты малға көрсетпей қайрау;

Малды сол жамбасымен жатқызып, кеудесімен құбылаға қарату;

Құрбан шалуға ниет ету;

«Бисмиллә, Аллаhу Акбар» деп айту;

Малдың өңеш, кеңірдек және екі жағындағы екі тамырын кесу;

Малдың қаны толық ағып болғанша және жаны шыққанша күту.

Семинар соңында, Айбек Асқарбекұлы қасапшылардың сұрақтарына жауап беріп,  Құрбан айт мейрамында қасапшылар жұмысының аса маңызды екендігін жеткізіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.⠀

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемологиялық ахуалға байланысты, ҚМДБ-ның QURBAN2020.KZ сайты іске қосылған болатын. Сайт арқылы құрбан малына тапсырыс беріп, құрбандық рәсімін өткізе аласыз.

halaldamu1

halaldamu1

halaldamu1

halaldamu1

Бөлісу: