29
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Елорда имамдары біліктілікті арттыру семинарына қатысты (ФОТО)

Елорда имамдары біліктілікті арттыру семинарына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелері зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елорда имамдарына арналған «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша біліктілігін арттыру» семинары болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аталмыш семинарға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Иманәлиұлы мен ҚМДБ бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар үшін арнайы спикерлер шақырылып, өзекті тақырыптар бойынша бірқатар маңызды баяндамалар жасалды. Атап айтар болсақ, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Нурадинов Алмат «Теріс діни ағымдардың психологиялық арбау жолдары» жайлы айтса, ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам дініндегі теріс ағымдардың шығу тарихына» тоқталып, олардың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Айта кетейік, аталмыш семинарға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов модеторлық жасап, маңызды басқосудың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасады.

Семинар соңында қатысушыларға Дін мәселелерін зерттеу орталығы атынан арнайы сертификаттар табысталып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

imam1

imam1

imam1

imam1

 

imam1

imam1

imam1

imam1

imam1

imam1

imam1

nurlanefrat

mamlukaga

berikbol

Бөлісу: