24
Сенбі,
Қазан

һижри

Семей Орталық мешітінің сайты Alashdin.kz болып өзгерді

Семей Орталық мешітінің сайты Alashdin.kz болып өзгерді

Ел іші
Жарнама

29 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен Қос мұнаралы орталық мешіт сайтының атауы Alashdin.kz болып өзгерді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – насихат» деп айтқанындай, ҚМДБ-ның басты міндетінің бірі – уағыз-насихат жұмысын жандандыру. Осы бағытта Семей өңіріне қарасты мешіттерде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Біздің басты мұратымыз – заман талабына сай уағыз-насихат жұмысын  ұйымдастыру. Бүгінде басым көпшілік ақпаратты интернет арқылы алады. Мешіт сайтын өзгертудегі мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің ізі қалған кешегі Алаш қаласында төл дінімізбен қатар, ұлттық құндылықтарымызды, Алаш арыстарының ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін насихаттау», – деді Асқар Мұқанов.

Сонымен қатар, Аlashdin.kz сайты алдағы уақытта белгілі абайтанушы, алаштанушы ғалымдармен байланыс орнатып, оқырман назарына тың материалдар ұсынуды жоспарлап отыр.

Бөлісу: